"Қазгидромет" РМК НАРХОЗ университетімен ауа сапасының мониторингі, білім мен тәжірибе алмасу саласында ынтымақтастық туралы келісім жасасты.
Келісімге Хельсинки университетінің "MegaSense" (ақпараттандырылған шешім қабылдау үшін ауа мониторингінің озық технологиялары) жобасы шеңберінде қол қойылды, оған сәйкес "Қазгидромет" РМК Алматы қаласы бойынша филиалының посттары мен әкімшілік ғимараттарында 17 портативті сенсорлық датчиктер орнатылатын болады. "Қазгидромет" РМК нақты уақыт режимінде деректерге толық қол жеткізе алады.
Жоба FMI SALAM ауа сапасы болжамдарының кеңістік-уақыт шешімін жақсартуға және таза ауа бойынша навигацияға бағытталған.
Бұл келісім табысты әрі өзара тиімді болатынына сенімдіміз.