2021 жылдың сәуір айының 3-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 08.05.2021

Сәуірдің үшінші онкүндігінде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында орташа жылы, жауын-шашынды, ауа райы жаздық дәнді дақылдардың өсуі мен дамуы үшін қолайлы болды. Жамбыл және Түркістан облыстарының бақылау учаскелерінде жаздық арпаны себу жұмыстары аяқталды.

Алматы облысындағы бақылау учаскелерінде онкүндік бойы жаздық арпаның ерте егістіктерінде: дәннің өнуі - көктеу фазасы байқалды. Өсімдіктердің жағдайы өте жақсы және жақсы деп бағаланады. Үштөбе, Ұзынағаш және Сарқанд МС маңында арпа егу жұмыстары жалғасуда.

Үштөбе МС маңында жаздық бидайды егуге кірісті, ерте егілген егістіктерде: дәннің өнуі - көктеу фазасы байқалады, өсімдіктердің жай-күйі жақсы.

Жамбыл облысының бақылау учаскелерінде жаздық арпаның жай-күйі барлық жерде өте жақсы және жақсы. Өсімдіктердің биіктігі 8-13 см - ге жетеді, даму кезеңі: көктеу – түптену.

Түркістан облысындағы бақылау учаскелерінде жаздық арпа егістіктерінде даму кезеңі: дәннің өнуі – көктеу, Қазығұрт МС айналасында – биіктігі 17 см жетеді, түтікке шығу (сабақтану) фазасы байқалады. Өсімдіктердің жағдайы барлық жерде жақсы.

Қызылорда облысының Қазалы ауданында жаздық бидай егу жұмыстары аяқталды, егіс сапасы жақсы.

Елдің солтүстік жартысында онкүндіктің басында жаздық дақылдарды егу үшін топырақ дайындауға кірісті (тырмалау, культивациялау). Қарасу ауданында (Қарасу МС, Железнодорожный МС), Науырзым (Раздольное АМП) және Жітіқара ауданында (Жетіқара МС) топырақтың қатуы байқалады.

2021 жылғы сәуірдің 3-ші онкүндігінде агрометеорологиялық шолумен толығырақ https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз