Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Сәуір айында жылудың екі қарқынды толқыны жаңа температуралық рекордтарға алып келді: екінші онкүндіктің басында Қазақстанның батысында күндізгі ауа температурасы +27+32°С белгісіне жетті. Мысалы, Аққұдық метеостанциясында (Маңғыстау облысы) 10 сәуірде +32,2°С шамасында рекордтық ауа температурасы тіркелді. Тағы бір жылу толқыны сәуір айының соңына, республиканың оңтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы +31+38°С-қа дейін көтерілген кезге сәйкес келді. Қызылорда қаласында 28 сәуірде +38,1°С болды, бұл осы күн үшін рекордтық деңгей болды.
Сондай-ақ, сәуір айының жекелеген күндерінде Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында үшінші онкүндіктің басында тіркелген ең төменгі ауа температурасының рекорды жаңартылды. Мысалы, Рузаевка метеостанциясында (Солтүстік Қазақстан облысы) 20 сәуірде ауа температурасы -9,9°С-ты құрады, соның нәтижесінде осы күннің алдыңғы рекорды жаңартылды.
Сонымен қатар, үшінші онкүндіктің бірінші жартысында апатты гидрометеорологиялық құбылыстар байқалды, мысалы, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында суық антициклонның әсерімен, топырақ бетінде 1-5 градусқа дейін, Алматы облысында 8-15 градусқа дейін қатқақ байқалды (ҮАК метеостанциясында 24 сәуірде топырақтағы температура 15°С-қа дейін төмендеді).
Бір ай ішінде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тапшылығы, алайда жекелеген күндері АГҚ өлшемдеріне жеткен жауын-шашын (Апатты гидрометеорологиялық құбылыс) байқалды, мысалы, 4 сәуірде оңтүстік циклонның ықпалымен Ащысай метеостанциясында (Түркістан облысы) қатты жаңбыр жауды, 8 сағаттан астам уақытта 33,6 мм мөлшерінде жауын-шашын түсті. 21 сәуірде ҮАК ауданында (Алматы облысы) атмосфералық фронттардың әсерінен 20 мм-ге дейін қар жауды.