Қазгидромет Тараз қаласының фермерлерімен кездесті

IconЖарияланды 19.05.2021

Биыл 19 мамырда «Қазгидромет» РМК Тараз қаласында фермерлерге арналған «AgroData.KZ» https://agrodata.kz мобильді қосымшасын таныстырды.
Жамбыл облысының сала өкілдері, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Е.Күлекев қатысқан кездесуде Қазгидромет мамандары веб-қосымша туралы айтып, оқыту курсын өткізді. Қосымша бойынша таныстыру эксурсиясы да жасалды. Жалпы «AgroData.KZ» қалай жұмыс істейтіні толық түсіндіріліп, мысалдар көрсетілді.
 Аталған ресурстан онлайн режимде топырақтың ылғалдылығы, топырақтың жоғарғы бөлігіндегі температура, ауа райы бойынша ақпаратты біліп отыруға болады.
Веб-қосымша бір жылдан бері жұмыс істесе, қазір қажеттілік бойынша мобильді қосымша  іске қосылып отыр. Себебі мобильді қосымша интернетсіз де жұмыс істей береді.
Өңірдегі кездесудің екінші бөлігі фермерлік шаруашылықтардың аумағында өтті. Агрометеорологиялық департаменттің жұмысы Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің жер үсті бақылау жүйесінен мәліметтерді алумен тікелей байланысты.
Жамбыл облысының фермерлері қазірден «AgroData.KZ»-ті қолдануды бастап кетті. Олар әрі қарайғы әріптестікке,  сонымен қатар қосымшаны жетілдіру байланысты ұсыныстар беруге дайын екендерін жеткізді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз