Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
27 мамырда Кар теңізі аудандарынан ауысқан антициклон Қазақстанның батыс және солтүстік, ал 28 мамырдан бастап орталық және шығыс аймақтарына әсер ете бастайды. Суық солтүстік ағындар ауа температурасының төмендеуіне ықпал етеді: батыс аймақтарда түнде 10 ... 22 ° С, күндіз 27 ... 35° С дейін, елдің солтүстігінде, орталығы мен шығысында түнде 5 ... 15 ° С, күндіз 17 ... 28 ° C дейін жылы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 28 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ қатты жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Алайда республиканың оңтүстік аймақтарында ауа температурасы төмендемейді. Олар әлі де жылы ауа массаларының ықпалында болады және тек атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен елдің оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, аздаған жаңбыр жауады.