Елміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының күздік дәнді дақылдар себілетін аудандарында өсімдіктердің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай байқалған.
Алматы облысының бақылау учаскелерінде күздік бидай: төменгі сабақ түйінінің пайда болуы – масақтану фазаларында. Өсімдіктердің биіктігі 25 см 51 см құраған, төмен өскен егістіктер Сарқанд МС және Ұзынағаш МС маңайларында болған. Өсімдіктердің жағдайы тегіс жақсы және өте жақсы.
Жамбыл облысының бақылау учаскелерінде күздік бидай көбінесе сабақтану - төменгі сабақ түйінінің пайда болуы, Қордай АМБ маңайында – масақтану фазаларына жеткен. Өсімдіктердің биіктігі 32-50 см, Нурлыкент МС және Сарыкемир АМБ маңайларындағы төмен егістіктерде 26 см дейін жеткен. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы, Кулан МС және Толеби МС маңайларында қанағаттанарлық. Кулан МС маңайындағы бидай егістіктерінде онкүндіктің соңында арамшөптерді гербицидтермен өңдеуге және тыңайтқыштар енгізуге кіріскен.
Түркістан облысында күздік бидайда: төменгі сабақ түйінінің пайда болуы – масақтану фазалары байқалған. Өсімдіктердің биіктігі 31-51см, Тасарық МС маңайындағы төмен егістіктерде 18 см жеткен. Егістіктердің жағдайы көбінесе жақсы, Екпенды АМБ маңайында қанағаттанарлық.
Ағымдағы онкүндікте күздік бидай өткен жылмен салыстырғанда осы онкүндікте өсуі мен дамуынан артта қалып отыр. Бұған күзгі кезеңдегі топырақтың құрғақтығы, сондай-ақ ағымдағы жылда көктемнің кеш келуіне байланысты кеш себу уақыты әсер етті.
2021 жылғы мамыр айының 2-ші онкүндігінде агрометеорологиялық шолумен толығырақ https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.