Осы сектор бойынша ырықтандыру жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің тиісті нормалары қабылданды, рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамаға, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске өзгерістер енгізілді, ЕАЭО-ның басқа елдерінің заңнамасына өз елдерінде алынған рұқсат негізінде ЕАЭО-ға мүше бір елдерден метеорологиялық ақпарат өндірушілердің басқа мүше елдерде метеорология саласында еркін қызметтер көрсетуіне бағытталған өзгерістер енгізілді, ақпарат алмасу бойынша жұмыстар ұйымдастырылады, бұзушылықтардың алдын алу және жауапкершілік шараларын қолдану тетігі жасалды.
Қазіргі уақытта әзірлену сатысында келесілер тұр:
- Ұлттық гидрометеорологиялық қызметке ақпарат беру ережесі.
- Метеорологиялық ақпаратты өндірушілердің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі.
Қазір Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер енгізілді, онда мемлекеттік монополияға жатқызылған метеорологиялық ақпараттың мемлекеттік емес өндірушілерінің қызметі және Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің («Қазгидромет» РМК) жұмысы реттеледі.
Аталған өзгерістердің мәні:
- республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының мүддесі үшін орындалатын гидрологиялық, метеорологиялық мониторинг және қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласында жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету бойынша Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жұмысы міндеттілігін бекіту;
- мемлекеттік емес қызмет көрсету секторының қызметін ұйымдастыру және метеорологиялық қызметті бақылауды жүзеге асыру үшін құқықтық жағдайлар жасау;
- метеорологиялық ақпаратты өндіру саласындағы мемлекеттік емес субъектілердің қызметін жүзеге асыру үшін хабарлама тәртібін енгізу.
Жұмысты ЕАЭО-ның барлық елдері өкілдерінің қатысуымен жұмыс топтары, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің атынан Қазақстан Республикасының уәкілетті органы, ЕАЭО-ға мүше басқа елдердің ұқсас бейінді ведомстволары, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің барлық ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерінің өкілдері жүргізді, осы қызметті реттейтін заңнама нормалары үйлестірілді.
ЕАЭО шеңберінде картография, маркшейдерлік түсірілімдер, мүлікті бағалау және т.б. саласында ырықтандырудың бірқатар басқа жоспарлары қабылданғанын атап өту қажет, оларды іске асыру Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын кәсіпкерлік субъектілері үшін ЕАЭО-ға мүше басқа елдердің нарықтарын ашуға да бағытталған.