2021 жылдың 27-29 мамыр аралығында «Қазгидромет» РМК бас директоры Д.К. Алимбаева, ғылыми-зерттеу орталығының директоры Н.Н. Абаев, «Қазгидромет» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры А. Б. Тулеуғалиева Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы секторы мәселелерінің шешімдерін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына қатысты.
Жұмыс тобының бағдарламасына сәйкес Маңғыстау облысының Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия аудандарының кәсіпкерлерімен және ауыл шаруашылығы мамандарымен кездесуде ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жайылымдық жағдай, алдағы қысқы кезеңге жем дайындау, өңірдегі қуаң жағдай мәселелері көтеріліп, талқыланды. Кездесу барысында «Қазгидромет» РМК тарапынан облыс тұрғындарына, кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы мамандарына өңірдегі климаттық сипаттамалардың өзгеруін бағалау бойынша гидрометеорологиялық зерттеулердің нәтижелері ұсынылды.
Жұмыс тобының өкілдері облыс әкімі С.Трұмовтың қатысуымен «Өңірдегі агроөнеркәсіптік кешенінің мәселелері туралы» Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің отырысына қатысты.