29 мамыр күні Шарын шатқалында орын алған төтенше жағдайға байланысты «Қазгидромет» РМК келесіні хабарлайды:
2021 жылдың 28 мамыры күні, сағат 12:28-де Қазгидромет «Қазселденқорғау» ММ-ге 29.05.2021 - не тау жақта, Алматы облысында күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауатыны туралы ауа райы болжамын жіберді. Өткінші жаңбыр - бірнеше минуттан бір сағатқа дейін созылатын жауын-шашын. Ол нөсерге ұласып, 1-14 мм-ге дейін жаууы мүмкін. Сол күні 6 мм болды.
Аталған факт дауылды ескертуге жатпайды. Себебі ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің ауа райы бойынша әдістемелік нұсқаулығына арналған 26.12.2011 жылғы №355 Бұйрығына сәйкес, дауылды ескерту жауын-шашын көлемі 15-29 мм көлемінде болса және 12 сағатқа немесе одан көп уақытқа созылса беріледі.
Сонымен бірге ҚР ЭГТРМ мен ҚР ТЖМ-ның 2021 жылғы «Гидрометеорологиялық ақпаратпен өзара алмасу» туралы Бірлескен Бұйрығы негізінде 28.05.2021 жылы сағат 12:34-те ТЖМ-не, Алматы облысының ТЖД-не және «Қазселденқорғау» ММ-не 29.05.2021 бойынша гидрометеорологиялық ақпарат жіберілді. Ол жерде тауда өткінші жаңбыр жауатыны айтылған.
Жоғарыда аталған Бұйрыққа сәйкес, Қазгидромет құзырына тиісті мемлекеттік және жергілікті органдарға шешім қабылдау үшін гидрометеорологиялық ақпарат беру кіреді.