Маусым – тәуліктегі күндізгі уақыттың ең ұзақ айы. Маусым айында республиканың барлық аумағында жазғы ауа райы белгіленеді.
Орташа тәуліктік ауа температурасының 20°C арқылы тұрақты ауысуы республиканың басым бөлігінде маусым айында, қиыр оңтүстікте мамыр айында, қиыр солтүстікте шілде айының бірінші онкүндігінде орын алады.
Орташа тәуліктік ауа температурасының жоғары болуына қарамастан, маусым айындағы көптеген жылдар бойы мәліметтерге сәйкес, әлі де 5°C - қа дейін үсік жүруі мүмкін. Ең соңғы үсік маусымның үшінші онкүндігінде солтүстік облыстарда және орта таулар аймағында 10 жылда 1-2 рет байқалуы мүмкін.
Консультативтік болжамға сәйкес 2021 жылдың маусымында Қазақстанның басым бөлігінде жоғары қысымның әсерімен және Иран аудандарынан жылы ауа массаларының енуімен ауа температурасының жоғары фоны күтіледі. Осылайша, республиканың басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормадан 1° жоғары, тек елдің батыс бөлігінде - климаттық нормаға жақын болады деп болжануда.
Айдың басында республиканың басым бөлігінде циклонның әсеріне байланысты қатты нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және күші 15-25 м/с дейін екпінді жел болжанады, сонымен қатар елдің оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл болуы мүмкін. Температуралық фонға солтүстік циклонның терең жырасы әсер етеді, ол алдымен Қазақстан Республикасының батыс өңірлеріне әсер етіп одан қарай шығыс бағытымен жылжып республиканың қалған аумақтарына да салқын ауа райы әкеледі. Осыған байланысты елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасының қысқамерзімді төмендеуі болжанады, онда түнгі уақытта ауа температурасы +2+10°С-қа дейін, күндіз +12+17°С-қа дейін төмендейді.
Айдың бірінші онкүндігінде республиканың батысында ауа температурасының түнде +10+17°С-тан +15+21°С-қа дейін, күндіз +20+25°С-тан +25+32°С-қа дейін ауытқуы күтіледі. Еліміздің оңтүстік аймақтарында ауа температурасының негізгі фоны түнде +15+25°С, күндіз +30+40°С, тау бөктері мен таулы аудандарда түнде +10+15°С, күндіз +25+30°С болады.
Бір ай ішінде ҚР солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жылу толқыны кезінде күндізгі ауа температурасы +30+38°С-қа дейін, жекелеген аудандарда +42°С-қа дейін; елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +35+43°С-қа дейін, жекелеген аудандарда +45°С-қа дейін көтеріледі.
Солтүстік Атлантика аймақтарынан келетін суық ауа массаларының әсерінен суық ауа райы қайта оралуы мүмкін.
Маусым айында негізінен найзағай, қысқа мерзімді жауын-шашын, 15-20 м/с дейін екпінді жел, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Жауын - шашын мөлшері ҚР аумағының басым бөлігінде нормаға жуық, республиканың оңтүстік-батысында және орталық бөлігінде нормадан аз болуы мүмкін (норма бойынша ҚР басым бөлігінде 25-49 мм, елдің оңтүстік-батыс жартысында 4-24 мм, Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығысының тау бөктері мен таулы аудандарында 53-99 мм).
Ескертпе: бір айға арналған болжамды консультативтік болжам ретінде пайдалану қажет, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.