Кәсіби мереке - Дүниежүзілік қоршағаны ортаны қорғау күніне орай Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев «Қазгидромет» РМК қызметкерлерін төсбелгілермен марапаттады. А.Баймұратов, А. Жанділдина, Г. Төлебаева «Экология саласының үздігі» кәсіби нагрдасына ие болды.
Сонымен қатар, «Қазгидромет» РМК жұмысына үлес қосқан қызметкерлер Н.Абаев, А. Каувазов, М. Насыров, А. Смағұлов «Қазгидромет» РМК бас директоры Д.Алимбаева атынан Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өту датасы ретінде 5 маусым таңдалды. Себебі, 1972 жылдың дәл осы күні Стокгольм қоршаған орта мәселелері жөніндегі конференциясы өз жұмысын бастады.
Бас Ассамблея өз қарарында БҰҰ мемлекеттерін жыл сайын осы күні олардың қоршаған ортаны қорғауға және жақсартуға деген ұмтылысын растайтын іс-шаралар өткізуге шақырады.
Экологиялық қауіпсіздік және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері біз үшін басым мәселе болып саналады. Эколог-мамандардың, табиғатты қорғау ұйымдарының, еріктілердің үйлесімді жұмысының арқасында экология саласында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді. Баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Планетамыздың экожүйесін қалпына келтіру және қорғау ісінде табыс тілейміз.