БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жыл сайын осы күні қоршаған ортаны қорғауға және жақсартуға бағытталған іс-шаралар өткізуге шақырады.
Мереке аясында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясын ұйымдастырды.
Іс-шараға Қазақстан бойынша 120 мыңнан астам адам қатысты. Акция республика аумағындағы 492 локацияда өтті.
«Қазгидромет» РМК қызметкерлері де кәсіби мерекеге арналған сенбілікке шығып, айналаны қоқыстан тазартты.
Барлық экологтарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тек бірлескен күш арқылы ғана Қазақстанды таза ете аламыз!