Мамырдың үшінші онкүндігінде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының күздік бидай себілетін аудандарында температуралық фонның жоғарлауы мен шамалы жауған жауын-шашын өсімдіктердің өсіп өнуіне қолайсыз болған. Бақылау учаскелерінде күздік бидай: төменгі сабақ түйінінің пайда болуы – масақтану кезеңдерінде. Өсімдіктердің биіктігі 30 см-ден 65 см дейін жеткен, төмен өскен егістіктерде 19 см-ден 22 см дейін. 1 м2 сабақтардың орташа саны 252-573 данаға жетеді, кей жерлерде 842 данаға дейін, масақтары бар сабақтар 230-557 дана, ал кейбір жерлерде 775 данаға дейін. Күздік бидайдың масағының орташа масақшалары 14-20 дана, оның ішінде 3 данаға дейінгісі дамымаған. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы, кейбір арамшөптер көп жерлерде қанағаттанарлық, дәнді өсімдіктердің өсуіне кері әсер етуі байқалады және оларды гербицидтермен емдеуге кіріскен. Алматы облысының Қырғызсай МС және Талдықорған МС маңайларында онкүндіктің басында бидай егістігін вегетациялық суаруға кіріскен.
Өткен онкүндікте республиканың солтүстік жартысындағы барлық астық егілетін аудандарында жаздық дәнді дақылдарды егу науқаны жалғасуда. Температураның жоғарылауы және көбінесе нормадан төмен жауын-шашын, жаздық дәнді дақылдардың өсуі мен дамуына қанағаттанарлық болған.
2021 жылғы мамыр айының 3-ші онкүндігінде агрометеорологиялық шолумен толығырақ https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.