2021 жылдың 10 маусымында Қазгидромет өкілдері мен Тәжікгидромет делегациясының кездесуі өтті.
Тәжікстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің өкілдері біздің елімізге гидрометеорологиялық және экологиялық ақпаратты тұтынушыларға қызмет көрсету саласында, сондай-ақ техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында келді.
Бірінші күн делегацияны Қазгидрометтің өндірістік басқармаларының жұмысымен таныстыруға және мемлекеттік органдарға гидрометеорологиялық және экологиялық ақпаратпен қызмет көрсетуге арналды. Қазгидрометтің халықпен және мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі Тәжікстаннан келген әріптестердің үлкен қызығушылығын туғызды.
Тәжікстандық әріптестер халыққа қызмет көрсетудің заманауи форматын, оның ішінде Қазақстанның барлық өңірлері бойынша атмосфералық ауаның сапасы туралы ақпаратқа қолжетімді AirKz мобильді қосымшасын және Орталық Азияда баламасы жоқ AgroData фермерлік шаруашылықтарына қызмет көрсетуге арналған мамандандырылған веб-қосымшасын жоғары бағалады.
Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторинг жүргізу және қызмет көрсету мәселелерін талқылау 11 және 12 маусымда жалғасады.
_________________
AgroData қосымшасы фермерлерге онлайн режимінде агрометеорологиялық қызметтер, көктемгі егіс жұмыстарының, вегетациялық кезеңнің басталу күндері және өнімділік туралы болжамдар, практикалық ақпарат пен болжамдар ұсынады, бұл өсімдік шаруашылығында шешім қабылдау үшін өте маңызды. Барлық ақпарат https://agrodata.kz. сілтемесі бойынша қарапайым және қолжетімді түрде ұсынылған.
Сондай-ақ, AirKz мобильдік қосымшасының жұмысы көрсетілді, онда Қазақстанның барлық өңірлері бойынша атмосфералық ауаның сапасы бойынша ақпарат қолжетімді, бүгінгі күні мобильдік қосымшаны 6 мыңнан астам адам жүктеп алды.
Сонымен қатар, бірінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Тәжікстан Гидрометқызметтері 2021-2024 жылдарға арналған ақпаратпен алмасу бағдарламасына қол қойды.