Азия Даму Банкі Алматы қ. Жасыл экономика басқармасымен және Қазгидрометпен бірлесіп, Алматы қ. атмосфералық ауа сапасының мониторингін жақсарту үшін жұмыс істейді

IconЖарияланды 15.06.2021

2021 жылдың 28 мамырында «Қазгидромет» РМК, Азия Даму Банкі (бұдан әрі – АДБ) және Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның мәні Алматы-Бішкек экономикалық дәлізін қолдау үшін өңірлік техникалық көмек шеңберіндегі Тараптардың ынтымақтастығы болып табылады.

АДБ 2 жыл ішінде атмосфералық ауаның сапасын өлшейтін 50 бірлік сертификатталған аспап сатып алады және оларды Алматы қаласы мен оның қала маңы аудандарының аумағына орнатады.

Аспаптар 2,5 микрон (PM2,5), 10 микрон (PM10) және азот диоксиді (NO2) мөлшеріндегі ұсақ дисперсті бөлшектерді өлшеу датчиктерімен жабдықталады, оның ішінде датчиктер Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетінін атап өтеміз.

Жобаны іске асыру 2 жылға есептелген, «Қазгидромет» өз кезегінде мемлекеттік экологиялық мониторингтің ұлттық операторы ретінде қатысады, желдің бағытын және Алматы қаласы аумағындағы қолданыстағы желіні ескере отырып, осы жабдықты орнату орнын ұсынады және АДБ датчиктерінен деректерді «AirKz» мобильді қосымшасына және «Қазгидромет» РМК интерактивті картасына интеграциялауды жүргізеді.

Бұдан басқа, қолданыстағы «Қазгидромет» желісіне Экосервис , NCOC, Атырау қ. АМӨЗ компаниясының және "Александров" эко-белсендісінің датчиктері, оның ішінде НАРХОЗ Унирерситетінің датчиктерін орнату шамасына қарай интеграцияланды, оларды интеграциялау туралы келісімшарт бар/интеграциялау жоспарлануда.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз