2021 жылдың маусым айының 2-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 24.06.2021

Еліміздің оңтүстігінде, маусымның бірінші онкүндігінде күздік бидай өсірілетін аудандарда дәннің қалыптасуы үшін қолайлы жағдайлар аз болды. Ауаның жоғары температурасы мен жауын-шашынның нормадан төмен болуы аясында бір фазадан екінші фазаға қалыпты ауысуы қиындайды, бұл ұсақ және сезімтал астықтың пайда болуына әкелуі мүмкін және сәйкесінше күздік бидай өнімділігінің төмендеуіне алып келеді.

Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында күздік бидайдың: «масақтану» – «сүттеніп пісу» кезеңдері байқалды, өсімдіктердің биіктігі 45-90 см жетеді. Дақылдардың жағдайы негізінен жақсы, кейбір жерлерде қанағаттанарлық, онда арамшөптердің пайда болуы байқалады. Бір шаршы метрде сабақтардың жалпы саны 128-ден 598 данаға дейін, масақтары бар сабақтардың саны 123-тен 541 данаға дейін. Күздік бидай масағындағы масақшалардың орташа саны 15-19 дана, оның ішінде өсіп жетілмегені 2 данаға дейін. Күздік бидай масағындағы дәндердің орташа саны 21-33 дана (Түркістан облысы).

Маусымның бірінші онкүндігінде республиканың солтүстік бөлігіндегі барлық астық егетін аудандар жаздық дәнді дақылдарды егуді аяқтады. Онкүндік ішінде Қазақстанның Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарынан басқа барлық аумағында ыстық, өткінші жауын-шашынды ауа райы байқалды, себебі ол өңірлерде жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болды. Мұндай метеорологиялық жағдайлар негізінен жаздық дәнді дақылдардың өсуі мен дамуы үшін қанағаттанарлық болды, барлық жерде дақылдарды арамшөптерге қарсы гербицидтермен өңдеуге кірісті.

2021 жылғы маусым айының  2-ші онкүндігінде агрометеорологиялық шолумен толығырақ https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз