Маусымның үшінші онкүндігінде күздік бидай өсірілетін аудандарда ауа температурасының жоғарлауынан дәннің қалыптасуына және толуына қолайсыз жағдай болған.
Оңтүстік аймақтардағы бақалау учаскелерінде күздік бидайда «сүттеніп пісу» - «толық пісу» кезеңі байқалған, өсімдіктердің биіктігі 45-88 см жетеді.
Бидайдың жағдайы көбінесе өте жақсы және жақсы, кейбір жерлерде қанағаттанарлық, арамшөптер көп өскен егістіктерде дәнді өсімдіктердің зақымдануы байқалады. Масағы бар сабақтардың жалпы саны 112-ден 775 данаға дейін. Күздік бидай масағындағы масақшалардың орташа саны 12-20 дана, оның ішінде дамымағаны 3 данаға дейін. Күздік бидай масағындағы дәндердің орташа саны 20-37 дана, жіңішке дәндердің барлығы 10% - ға дейін.
1000 дәннің массасы 24,6-дан 55,9 граммға дейін жетеді, дәннің ылғалдылығы 13-16% құрайды. Алматы облысының Нарынкөл станциясының маңайында бидай егістігін сумен қуаттандыру арқылы суару, Жамбыл облысының Сарыкемір және Қордай агро бекеттері мен Түркістан облысының Екпінді агро бекеті маңайында егін жинауға кіріскен.
Онкүндік ішінде Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашынмен ыстық ауа райы байқалды, жауын-шашынның нормадан жоғары түсуіне байланысты ылғалдандырудың жақсы жағдайлары Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Алматы облысының таулы және тау бөктері аудандарында байқалды, барлық жерде арамшөптерге қарсы гербицидтермен өңдеу жұмыстары жалғасуда. Елдің солтүстігінде және орталығында жоғары температуралық фон бидай мен арпаның төменгі деңгейлеріндегі жапырақтарының мерзімінен бұрын сарғаюына әкелуде.
2021 жылғы маусым айының 3-ші онкүндігінде агрометеорологиялық шолумен толығырақ https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.