Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2026 жылдың мамыр айында Қазақстанда бірден бірнеше температуралық рекорд жаңарды. Солардың бірі 80 жылдан астам уақыт бойы сақталып келген еді.
Айдың басы мен соңында еліміздің басым бөлігінде құрғақ әрі қалыптан тыс жылы ауа райы басым болды. Алайда мамыр айының ортасында солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы -1...-7 °С-қа дейін төмендеп, үсік байқалды.
Жаңа температуралық максимумдар еліміздің бірқатар қалаларында тіркелді. Мәселен, 1 мамырда Павлодар қаласында ауа температурасы 29,4 °С-қа дейін көтеріліп, 2022 жылы тіркелген осы күнгі алдыңғы рекордтық көрсеткіштен (29,0 °С) асты.
Жезқазғанда 6 және 7 мамыр күндері ауа температурасы тиісінше 33,1 °С және 33,8 °С болды. Осылайша 2014 және 2001 жылдары тіркелген рекордтар жаңартылды. Ол жылдары ең жоғары температура 31,3 °С және 31,0 °С болған.
7 мамырда Қызылордада ауа температурасы 36,7 °С-қа жетіп, 2001 жылы белгіленген рекордтық көрсеткіштен (35,0 °С) асты.
Сол күні Тараз қаласында ауа температурасы 32,1 °С болып, 2015 жылғы ең жоғары көрсеткіштен (31,4 °С) жоғары болды. Сонымен қатар 9 мамырда қалада ауа температурасы 31,8 °С-қа дейін көтеріліп, 2024 жылғы рекордты (31,3 °С) жаңартты.
Ерекше назар аударарлық рекордтардың бірі 31 мамырда Петропавл қаласында тіркелді. Ауа температурасы 35,0 °С-қа жетіп, 1943 жылғы көрсеткіштен (33,6 °С) асып түсті. Осылайша бұл рекорд 83 жыл бойы сақталған.
Сол күні Қарағанды қаласында да ауа температурасының ең жоғары мәні 33,7 °С болып, 1952 жылы тіркелген рекордтық көрсеткіштен (33,0 °С) асты.