Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2026 жылғы маусым айында Қазақстанның бірнеше өңірінде көпжылдық температуралық рекордтар жаңарды. Солардың ішіндегі ең ұзақ уақыт сақталған рекорд Павлодар қаласында тіркеліп, 71 жылдан кейін жаңартылды.
Еліміздің басым бөлігінде маусым айында ауа температурасы климаттық нормадан 1–5 градусқа жоғары болды. Көптеген өңірлерде күндізгі ауа температурасы +30…+38°С аралығында болса, еліміздің оңтүстігінде кей жерлерде +43°С-қа дейін жетті. Синоптиктер мұндай аптап ыстықты құрғақ тропиктік ауа массаларының әсерімен түсіндірді.
Ал Қазақстанның батысында керісінше жағдай қалыптасты. Атлантикалық циклондардың ықпалынан мұнда ауа райы салқындап, жауын-шашын мол түсті. Кейбір аудандарда жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан 2–5 есе көп болды.
1 маусым күні Павлодар қаласында ауа температурасы +36,8°С-қа дейін көтеріліп, 1955 жылы тіркелген +36,1°С көрсеткішінен асып түсті.
Дәл осы күні Алматы қаласында да жаңа температуралық рекорд орнатылды. Ауа температурасы +34,5°С-қа жетіп, 1967 жылғы +34,4°С рекордын жаңартты.
8 маусымда Астана қаласында термометр бағаны +33,7°С-ты көрсетті. Бұл 2023 жылғы +33,6°С рекордынан жоғары болды.
Маусым айы тек аптап ыстықпен ғана емес, рекордтық жауын-шашын мөлшерімен де ерекшеленді. Бірқатар өңірлерде бір тәулікте бір-екі айлық жауын-шашын нормасына тең мөлшерде жаңбыр жауды.
Мәселен, 3 маусым күні Ақтөбе облысындағы Уил метеостанциясында тәулігіне 45 мм жауын-шашын түсті. Бұл айлық норма – 22 мм. Ал Ақтөбе қаласында 33 мм жауын-шашын тіркеліп, айлық нормасы 30 мм болды.
Ең күшті жауындардың бірі 9 маусым күні Қостанай облысындағы Михайловка метеостанциясында байқалды. Мұнда бір тәулікте 64 мм жауын-шашын жауып, айлық нормасы 39 мм болды. Сондай-ақ, 24 маусым күні Жетісу облысындағы Сарқан метеостанциясында 49 мм (айлық норма – 40 мм), ал 29 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысындағы Тимирязево метеостанциясында 50 мм жауын-шашын (айлық норма – 42 мм) тіркелді.