Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қазақстан бойынша 2026 жылдың күзіне арналған ауа райы болжамы
Күз – жыл мезгілдерінің ішіндегі өтпелі әрі ауа райы құбылмалылығымен ерекшеленетін кезеңдердің бірі. Бұл мезгілде ауа температурасы біртіндеп, кейде күрт төмендеп, жауын-шашын жиілейді, жел күшейіп, алғашқы үсіктер байқалады. Дегенмен қыркүйек пен қазан айларында еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде жазға тән жылы күндер әлі де болуы мүмкін. Ал қараша айына қарай Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы біртіндеп қысқы кезеңге ауысады.
Консультативтік маусымдық болжамға сәйкес, биылғы күз Қазақстанда негізінен жылы болады деп күтіледі. Жауын-шашын мөлшері жалпы алғанда климаттық нормаға жуық болады.
Қыркүйек айында еліміздің басым бөлігінде ауа райы бірқалыпты жылы болады, тек қиыр батыста әдеттегіден жылырақ болуы ықтимал. Қазан және қараша айларында республиканың көптеген облыстарында ауа температурасы климаттық нормадан 1–2°С жоғары болып, жылы ауа райы сақталады деп болжанады. Ал еліміздің оңтүстік-шығыс бөлігінде температура негізінен климаттық норма шамасында болады.
Жауын-шашын мөлшері қыркүйек айында еліміздің қиыр батысында, солтүстік-батысында және солтүстік-шығыс бөлігінде климаттық нормадан көп болады деп күтіледі. Қараша айында жауын-шашын мөлшерінің нормадан жоғары болуы Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай облысының солтүстік жартысында, сондай-ақ Ақмола және Павлодар облыстарында болжанады.
Қыркүйек айында жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан аз болатын өңірлер де бар. Оларға еліміздің оңтүстік-батыс бөлігі, атап айтқанда Қызылорда және Түркістан облыстарының басым бөлігі, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығыс бөлігі, Ақтөбе облысының оңтүстігі және Жамбыл облысының оңтүстік-батысы жатады.