Қазақстан Республикасының агрометеорологиялық мониторингі 219 агрометеорологиялық пункттерде, оның ішінде:
- 129 метеорологиялық станция;
- 90 агрометеорологиялық бекетте жүргізіледі.
183 пункт астық егетін аудандарда, 36 – жайылымдарда бақылау жүргізеді, сондай-ақ күріш, мақта алқаптарында, бақтарда және т.б. бақылау жүргізіледі.
Мемлекеттік бақылау желісінің барлық агрометеорологиялық пункттерінде метеорологиялық бақылаулар (ауа температурасы, жауын-шашын, атмосфералық құбылыстар, сондай-ақ жел, жиынтық күн радиациясы, топырақ бетіндегі және тереңдіктегі топырақ температурасы және т.б.) және ауыл шаруашылығы мен жайылым дақылдарының өсуіне және топырақтың жай-күйіне бақылау жүргізіледі.
Агрометеорологиялық мониторингке басшылықты Агрометеорологиялық мониторинг және болжау департаменті жүзеге асырады, оны директор басқарады.
Департамент құрамына екі басқарма кіреді:
- Агрометеорологиялық мониторинг басқармасы;
- Агрометеорологиялық болжау басқармасы.
Агрометеорологиялық мониторинг басқармасы Қазақстанның мемлекеттік агрометеорологиялық желісінің бас әдістемелік басқармасының міндеттерін орындайды және агрометеорологиялық мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді, «Қазгидромет» РМК мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес агрометеорологиялық желінің жұмыс жоспарларының сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді жедел шешумен айналысады.
Агрометеорологиялық болжау басқармасы ауыл шаруашылығы саласын болжамдық және жедел нақты агрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Басқармада мынадай болжамдар әзірленуде:
1. көктемгі егіс жұмыстары басталар алдында топырақтағы ылғал қорын болжау;
2. оңтайлы себу мерзімдерін болжау;
3. пісетін мерзімдерді болжау;
4. ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін болжау;
5. құрғақшылықтың ықтималды болжамы;
6. егін жинаудың агрометеорологиялық жағдайларының болжамы.
Агрометеорологиялық өнім, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарының нақты жай-күйі туралы анықтамалар (күздік дақылдардың жай-күйі, тиімді және белсенді температуралардың жиынтығы, өнімді ылғалдың нақты қоры және т.б.) және консультациялар мемлекеттік бақылау желісінің нақты деректері негізінде ұсынылады. Бұдан басқа, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, дақылдардың жай-күйіне талдау жүргізіледі.
2020 жылдың қазан айынан бастап өзекті агрометеорологиялық ақпарат "AgroData" фермерлеріне арналған қосымшада жарияланады. https://agrodata.kz , сонымен қатар іздеу жүйесі арқылы агродата немесе agrodata арқылы оңай табуға болады.