"Қазгидромет" РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы (бұдан әрі-Филиал).
Филиалдың штаттық саны 169 бірлікті құрайды.
Жамбыл облысы аумағындағы бақылау желісі пункттерінің жалпы саны 67 метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрологиялық және экологиялық станциялар мен бекеттерді құрайды, оның ішінде:
Дәстүрлі метеорологиялық станциялар-13 бірлік;
ТДС – жету қиын станциялар) - МС 1 бірлік;
Автоматты метеорологиялық станциялар (АМС) – 8 бірлік;
Агрометеорологиялық бекеттер-12 бірлік;
Аэрологиялық станция-1 бірлік;
Гидрологиялық бекеттер-22 бірлік;
Атмосфералық ауаның ластануын бақылау пункттері - 9 бірлік;
Табиғи ортаның ластануын бақылау зертханасы-1 бірлік.
Филиалдың қызметі
Филиалдың негізгі қызметі мемлекеттік бақылау желісін пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық, агрометеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Филиалдың негізгі міндеттері
Метеорологиялық бақылау желісі күн сайын ауа температурасына, топырақ температурасына, желдің бағыты мен жылдамдығына, атмосфералық құбылыстардың түрі мен ұзақтығына, бұлттардың балдағы түрі мен санына, жауын-шашын мөлшеріне, атмосфералық қысымға 8 мерзімді бақылау жүргізеді.