«Қазгидромет» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы

Аймақ:

Жамбыл облысындағы алғашқы метеорологиялық бақылаулардың қысқаша тарихы

Жамбыл облысы аумағында алғашқы метеорологиялық бақылау 1870 жылы Әулиеата – қазіргі Тараз қаласында басталды.

Азаматтық соғыс және қирау жылдары көптеген станциялар мен бекеттер жұмысын тоқтатты. Қазақстанның Гидрометқызметі құрылған кезде, 1922 жылдың басында Жамбыл облысында барлығы 3 метеостанция: Әулие-Ата (Тараз), Бурное (Нұрлыкент), Мерке жұмыс істеді. Олар 30-шы жылдарға дейін жұмыс істеді.

Кейінгі жылдары Қазақстанда гидрометеорологиялық желі үнемі дамыды. Отарлы мал шаруашылығына қызмет көрсететін шөл метеостанциялар пайда болды. 90-шы жылдары олар ҚҚС (қатынасы қиын станциялар) ұстауға қаражаттың жоқтығынан жабылды.

Метеостанциялардың ең көп саны – 80-ші жылға дейін 22 болды, ең азы – 1992-2002жж. аралығында 12,  2002 жылдан бастап олар 18 дана.

Қазіргі уақытта дәстүрлі метеостанцияларға 4 автоматты қосылды және станциялардың жалпы саны 22 дана болды.

Соңғы жылдары метеостанциялар желісі қазіргі заманғы құралдармен, жаңа техникамен жаңғыртылуда. Барлық метеостанциялар нақты деректерді алуға мүмкіндік беретін электрондық құралдармен жабдықталған. Станциялар тәулік бойы байланыста болуға мүмкіндік беретін рациялар мен телефондармен жабдықталған.

Агрометеорологиялық бақылауды Жамбыл облысында Жер қатынастары департаменті 1914 жылы тәжірибе егістіктерінде жүргізе бастады. Жылдар өтіп, Қазақстан Республикасының экономикасы нығая түсті. Ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті, көлікті, құрылысты дамытумен бірге гидрометеорологиялық ақпаратқа қажеттілік артты, бақылау пункттерінің желісі кеңейтілді. Қазіргі уақытта агрометеорологиялық бақылау 7 метеостанция мен 3 агробекетте жүргізілуде. Облыста өсірілетін негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының фенологиясына бақылау жүргізіледі. Топырақтың ылғалдылығы анықталады. Қысқы дақылдарға бақылау жүргізіледі. Агрометеорологтар электронды құралдармен жабдықталған.

1965 жылы аэрологиялық станция ашылды.

Алғашқы гидрологиялық бақылаулар 1912 жылы Мерке ауылында, Ташұтқұл ауылында, сәл кейінірек Билікөл көлінде басталды. 30-шы жылдары 8 гидробекет болды. Жерді игерумен, егіс алқаптарының ұлғаюымен суару арналарын салу қажеттілігі арта түсті. 90-шы жылдары олардың саны 10-ға дейін қысқарды. Тек 2002 жылдан кейін ғана бекеттер қайтадан ашыла бастады. Қазіргі уақытта олардың саны 23 дана.