Аймақ:

Абдиева Зауреш Серикбаевна

Филиал директоры

Туған күні және жері: 18.05.1975 жыл. Жамбыл облысы, Үшарал.

Білімі: Жоғары.
Еңбек қызметі 1992 жылы Джамбул гидромелиоративті -құрылыс институтын гидротехник мамандығы бойынша, 2012 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін эколог мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Алматы технологиялық Университетінде сырттай оқу бөлімінің әдіскерінен бастады, Университетте 2005 жылы инженерлік графика пәнінің мұғалімі болып, ҚР Білім және ғылым министрлігі География ғылыми -зерттеу институты - 1 -санатты экологтар инженері жұмысын атқарды.
2005 жылдың шілдесінен бастап «Қазгидромет» РМК ҚР Қоршаған ортаны бақылау орталығының экологиялық ақпарат бөлімі 1 санатты инженер -эколог,
2007 ж. маусымынан 2009 ж. шілдесіне дейін "Қазгидромет" РМК ЭАБ ҚР ҚОЭМО жетекші инженері,
2009 ж. сәуірден-тамызына дейін "Қазгидромет" РМК "Алматы қ. ОММ" ЕМК ЭАБ бастығы,
2009 ж. қыркүйегінен 2010 ж. ақпанына дейін "Қазгидромет" РМК Экологиялық мониторинг департаменті Экологиялық ақпарат басқармасының жетекші инженері,
2010 ж. ақпанынан 2018 ж.ақпанына дейін "Қазгидромет" РМК ЭМД ЭАБ бастығы,
2018 ж. ақпан-2018 ж. қараша аралығында "Қазгидромет"РМК ЭМД ЭАБ жетекші инженері, 2018 жылдың қарашасынан 2021 жылдың 23 қыркүйегіне дейін Тараз қаласы, «Қазгидромет» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы Қоршаған ортаның ластануы мониторингі зертхана басшысы болып,
2021 жылдың 24 қыркүйегінен бастап «Қазгидромет» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды.