Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күздік бидайдың өсуі мен дамуына көбінесе қолайлы жағдай орын алған. Көпжылдық нормадан көп түскен жауын-шашын топырақта ылғал қорының жиналуына ықпал еткен. Оңтүстік-шығыста бақылау учаскелерінде күздік бидайда «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» –«гүлдену» фазалары байқалды. Өсімдіктердің биіктігі 27 см-ден 74 см-ге дейін болған. 1 м2 шаққандағы өсімдік сабақтарының жалпы саны 449-дан 552 данаға дейін құраған. Күздік бидайдың жағдайы көбінесе жақсы.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы бақылау учаскелерінде жаздық бидай себу науқаны аяқталды. Республиканың солтүстік жартысының астық егетін аудандары топырақты алдын ала өңдегеннен кейін жаздық бидайды егуге кіріскен. Алайда, кейбір аудандарда жауын-шашын егіс науқанының қарқынына әсер еткен. Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаздық бидай егістіктерінде «түйін тамырларының пайда болуы» - «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы», кеш себілген егістіктерде «көктеу» - «3-ші жапырақ» фазалары байқалады. Өсімдіктердің биіктігі даму фазасына байланысты 11 см-ден 42 см-ге дейін болған. 1 м2 жаздық бидайдың орташа саны 95-548 дана аралығында болды.
Елдің батысында жаздық арпа дақылдары «көктеу» - «түйін тамырларының пайда болуы» фазаларында. Жаздық бидайда «дәннің өнуі» - «көктеу» фазалары байқалады. Жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы. Дәнді дақылдарды себу жалғасуда.
Еліміздің орталығында Абай ауданында (агропост Агрогородок) жаздық арпа егістіктерінде «3-ші жапырақ» фазасы жалғасуда. Жаздық бидай бақылау учаскелерінде алғашқы көктеуінің пайда болуы байқалады. Қарқаралы, Ақтоғай, Бұқар-Жырау, Нұра аудандарында топырақты алдын ала өңдеуден кейін жаздық бидай егуге кіріскен.
Еліміздің шығысында жаздық бидай егу жұмыстары жалғасуда, Абай облысының Үржар ауданында жаздық бидай егістігінде «түптену» фазасы байқалады. Жаздық бидайдың жағдайы жақсы, өсімдіктердің биіктігі 12 см. Шығыс Қазақстан облысында жаздық бидай дақылдарында «дәннің өнуі» - «3-ші жапырақ» фазасы байқалады, өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы.
Елдің оңтүстігінде жылу сүйгіш дақылдарды (соя, күріш, мақта) егу жалғасуда. Батыста мақсары дақылының алғашқы көктеуі, шығыста күнбағыс тұқымын себу жалғасуда, егістіктерде «көктеу» фазасы байқалады. Түркістан облысында мақта дақылында «1-ші нағыз жапырақ» - «3-ші нағыз жапырақ» фазалары байқалады. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жүгері егу жалғасуда, ерте егілген егістіктерде «5-ші жапырақтың пайда болуы» - «9 жапырақтың пайда болуы» орын алған, өсімдіктердің биіктігі 23-38 см.
Түркістан облысында мақта дақылдарында «1-ші нағыз жапырақ» - «3-ші нағыз жапырақ» фазалары байқалады, өсімдіктердің жағдайы көбінесе өте жақсы және жақсы.
Солтүстік Қазақстан облысының бақылау учаскелерінде Налобино агропостында жасымық егуге кірісті және Бұлақ агропостының маңайында топырақты алдын ала өңдегеннен кейін майлы зығыр егуге кіріскен.
Алматы, Жетісу, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалау учаскелерінде картоп отырғызу байқалды. Алматы облысында Аққайнар агропостының маңайында картоптың алғашқы көктеуі байқалады.
Республиканың оңтүстік өңірлерінде көпжылдық шөптердің (жоңышқа, эспарцет, беде) егістіктерінде «гүл шоғырлардың пайда болуы» – «гүлдену» фазалары байқалады, Жамбыл облысында Түркістан облысының Саудакент және Ошақты метеостанцияларының маңайында жасыл массаның алғашқы шабылуы байқалады.
Өткен онкүндіктің соңында Жамбыл облысының Мойынқұм және Шу аудандарында, Қарағанды облысының Шет ауданынының жайылымдары және Маңғыстау облысының кейбір жайылымдары оталмаған, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында жайылымдар қатты оталған, бірқалыпты оталған Атырау облысының Құрманғазы ауданында, Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында, Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында және Ұлытау облысының Ұлытау ауданында байқалады, қалған аумақтарда жайылымдар әлсіз оталған.
Жайылымдардағы шөптердің жалпы визуалды жағдайы көбінесе жақсы, кейбір жайылымдарда қанағаттанарлық, өте жақсы Алматы облысының Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарында, Қарағанды облысының Шет ауданында, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында және Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында.
Мамырдың екінші онкүндігінде елдің негізгі астық егетін облыстарында топырақтың ылғал қоры жағдайлары топырақтағы ылғалдың қанағаттанарлықсыз қоры байқалған жеке аудандарды қоспағанда қанағаттанарлық және оңтайлы болып қалыптасқан.