Топырақтың қатуы

2026 жылғы 10 сәуірдегі топырақтың тоңдану жағдайы

2026 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша топырақтың тоңдануы еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталық бөлігінде сақталуда. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында топырақ толық жібіген.

Ақмола облысында топырақтың ең терең тоңдануы Целиноград ауданында 131–165 см, Астрахан және Жақсы аудандарында 122–142 см, Көкшетау қаласында 139 см құрайды. Облыс бойынша топырақтың үстіңгі қабаты 23–87 см тереңдікке дейін жібіген. Атбасар, Аршалы, Егіндікөл аудандарында, Бурабай ауданының кей бөліктерінде және Астана қаласында топырақ толық жібіген.

Қостанай облысында топырақтың ең терең тоңдануы Наурызым ауданында 202 см-ге жетеді, Сарыкөл, Федоров, Әулиекөл, Қарасу және Денисов аудандарында 112–150 см, Ұзынкөл және ішінара Қарабалық аудандарында 67–72 см құрайды. Бұл аудандарда топырақтың үстіңгі қабаты 13–76 см аралығында жібіген. Облыстың қалған бөлігінде топырақ толық жібіген.

Павлодар облысының басым бөлігінде топырақтың тоңдануы 24–70 см-ден 100–149 см-ге дейінгі қабатта сақталуда. Ең үлкен тереңдік Шарбақты ауданында (215 см) және Қашыр ауданында (206 см) байқалады. Павлодар ауданында, Павлодар және Екібастұз қалаларында, сондай-ақ ішінара Ертіс (Панфилово), Железин (Петропавловка), Шарбақты (Шалдай) аудандарында топырақ жібіген.

Солтүстік Қазақстан облысында топырақтың жібіуі белсенді түрде жалғасуда. Айыртау, Ақжар, Есіл, Мамлют, Уәлиханов аудандарында топырақ толық жібіген. Ал Ғ. Мүсірепов ауданында 30–120 см, Тайынша ауданында 60–136 см, Тимирязев ауданында 47–101 см тереңдікте тоң сақталуда. Сондай-ақ М. Жұмабаев, Жамбыл, Қызылжар аудандарында және Петропавл қаласында 40–91 см аралығында тоң бар.

Шығыс Қазақстан облысында Бородулиха, Ұлан, Бесқарағай аудандарында топырақтың тоңдануы 63–103 см тереңдікке дейін сақталған, Алтай ауданында 23 см-ге дейін, жібіу процесі белсенді жүріп жатыр.

Қарағанды облысында топырақтың басым бөлігі жібіген, тек Осакаров ауданында ғана 36–136 см тереңдікте тоң сақталуда.

2026 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы аумағындағы топырақтың қату тереңдігі.