Қазақстан аймақтарында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы

Қазақстан аймақтарында 2026 жылғы 11 қарашада болатын қауіптіметеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы

Атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Елдің оңтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Тек республиканың қиыр батысы мен солтүстік-батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман күтіледі. Солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстікте және орталықта көктайғақ болжанады.

Қызылорда облысында, Алматы облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында, Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.