«Қазгидромет» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал).
Филиалдың штаттық құрамы 101 бірлікті құрайды.
Маңғыстау облысының аумағындағы бақылау желісінің жалпы саны 28 метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрометеорологиялық және экологиялық станциялар мен бекеттерді құрайды, оның ішінде:
• Дәстүрлі гидрометеорология станциялары – 3 бірлік;
• Дәстүрлі метеорология станциялары – 4 бірлік, оның ішінде 3 қосымша агрометеорологиялық бақылау жүргізеді;
• Автоматты метеорология станциялары – 10 бірлік, оның 1-і агрометеорологиялық бақылау үшін пайдаланылады;
• Теңіз гидрология станциялары – 4 бірлік;
• қоршаған ортаның жай-күйін, ауа сапасын автоматты бақылау бекеттері – 5 бірлік;
• қоршаған ортаның жай-күйіне, ауа сапасына арналған стационарлық бақылау бекеті (қолмен) – 2 бірлік;
• «Ақтау теңіз порты» АЭА экология бекеті (зертхана).
Филиалдың қызметі
Филиал қызметiнiң негiзгi түрi мемлекеттiк бақылау желiсiн пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйiн бақылауды, метеорологиялық, агрометеорологиялық және гидрологиялық мониторингтi қамтамасыз ету болып табылады.
Филиалдың негізгі міндеттері
• Бақылау желісінің үздіксіз өндірістік қызметін қамтамасыз ету және ұйымдастыру.
• Мемлекеттік органдарды және басқа да мүдделі тұлғаларды гидрометеорологиялық ақпаратпен, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі, гидрометеорологиялық жағдайлардың нақты және күтілетін өзгерістері, климаттың жай-күйі және оның өзгеруі, қоршаған ортаның ластану жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету. Қауіп төнген жағдайда құлақтандыру схемасына сәйкес ҚҚ, АҚҚ және АРКӨ үшін дауыл туралы ескертулер ұсыну.
• Экологиялық мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг нәтижесінде алынған деректер жинағын жүргізу.
Метеорологиялық бақылау желісі күн сайын ауа температурасын, топырақ температурасын, желдің бағыты мен жылдамдығын, атмосфералық құбылыстардың түрі мен ұзақтығын, бұлттардың түрі мен санын, жауын-шашын мөлшерін, атмосфералық қысымды бақылауды күн сайын 8 шұғыл бақылау жүргізеді.