Маңғыстау облысындағы алғашқы метеорологиялық бақылау тарихы
Маңғыстау облысы аумағындағы алғашқы бақылаулар 1848 жылы Форт-Шевченко гидрометеорологиялық станциясында басталды. Бүгінде Маңғыстау филиалының гидрометеорологиялық бақылау бекеттеріне 28 метеорологиялық станция кіреді, оның ішінде:
• Дәстүрлі гидрометеорология станциялары – 3 бірлік;
• Дәстүрлі метеорология станциялары – 4 бірлік, оның ішінде 3 қосымша агрометеорологиялық бақылау жүргізеді;
• Автоматты метеорология станциялары – 10 бірлік, оның 1-і агрометеорологиялық бақылау үшін пайдаланылады;
• Теңіз гидрология станциялары – 4 бірлік;
• қоршаған ортаның жай-күйін, ауа сапасын автоматты бақылау бекеттері – 5 бірлік;
• қоршаған ортаның жай-күйіне, ауа сапасына арналған стационарлық бақылау бекеті (қолмен) – 2 бірлік;
• «Ақтау теңіз порты» АЭА экология бекеті (зертхана).
Теңіз бақылау бекеттерінің желісі 4 теңіз гидрологиялық бекеттерден тұрады. Теңiз гидрология станциялары Каспий теңiзiнiң жай-күйiне жағалаулық мониторинг жүргiзедi.
Халықаралық ақпарат алмасуды МС Сам, ГМС Форт-Шевченко станциялары жүзеге асырады.
"Ақтау теңіз порты" АЭА экология зертханасы атмосфералық ауа, топырақ, түптік шөгінділер және радиациялық фон бойынша қоршаған ортаға мониторинг жүргізеді.
Қоршаған ортаның жай-күйіне, ауа сапасына бақылау жүргізу 7 стационарлық бекетте жүзеге асырылады.