Болжамдық гидрометеорологиялық ақпарат:
- ауа райының қысқа мерзімді болжамы (температуралық және жел режимі, жауын-шашын, атмосфералық құбылыстар, бұлттылық);
- теңіз ауа райы болжамы (желдің жылдамдығы мен бағыты, толқын және толқу кезеңі);
- ҚҚ, АҚҚ және АРКӨ туралы дауылды ескертулер;
- атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін бір тәулікке метеожағдайлар болжамы (ҚМЖ);
- келісімшарттық аумақтар бойынша мамандандырылған болжамдар.
Нақты гидрометеорологиялық ақпарат (күнделікті, айлық, жылдық және көпжылдық деректер):
- температуралық режим (орташа, ең жоғары, ең төменгі ауа температурасы);
- жел режимі, жел бағыты (роза ветров);
- жауын-шашынның саны, сипаты және ұзақтығы;
- атмосфералық құбылыстардың сипаты мен ұзақтығы;
- атмосфералық қысым, ауа ылғалдылығы, бұлттылық;
- қар жамылғысы және көктайғақ-мұз қату шөгінділері;
- жер бетіндегі және тереңдіктегі топырақ температурасы.
Сынамаларды іріктеу және талдау бойынша экологиялық мониторинг:
- атмосфералық ауаның ластануы;
- су түбіндегі шөгінділерді іріктеу және талдау;
- гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша құрлықтың жер үсті суларының сапасы;
- ауыр металдарға топырақты іріктеу және талдау;
- табиғи ортаның радиоактивті ластануы;
- атмосфералық ауадағы және жер үсті суларындағы ластаушы заттардың фондық шоғырлануы.
Гидрологиялық мониторинг:
- Каспий теңізінің деңгейі (ең жоғары, ең төменгі, орташа);
- су температурасы;
- мұз құбылыстары;
- теңіз толқындарының биіктігі, теңіз ағысының жылдамдығы мен бағыты;
- теңіз деңгейінің желдің әсерінен жағаға келу/кету құбылыстарына шолу.