Аймақ:

Тулеугалиева Айгуль Борисовна

Филиал директоры

Гурьев қаласының тумасы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін метеорология мамандығын, инженер-метеоролог, инженер-синоптик біліктілігімен тәмамдаған.

Еңбек тәжірибесі
01.11.1996-01.05.1997 - «Қазгидромет» ауа-райы бюросы (Алматы қ.) Гидрометеорологиялық болжамдарды автоматтандыруды жүзеге асыру департаментінің инженер-синоптигі (ҚазҰМУ бағыты бойынша);
01.05.1997-23.02.1998 ж. - «Қазгидромет» ауа-райы бюросы (Алматы қ.) Сынақ және есептеу әдістерін енгізу департаментінің екінші санатты инженер-синоптигі;
23.02.1998-18.05.1998 ж. - "Қазгидромет" ауа-райы бюросы (Алматы қ.) ауа-райын болжау бөлімінің екінші санатты инженер-синоптигі;
19.05.1998-01.09.1998 - Маңғыстау гидрометеорология орталығы (Ақтау қ.); екінші санатты инженер-синоптик;
01.09.1998.-18.01.2006 - Маңғыстау гидрометеорология орталығы (Ақтау қ.) бірінші санатты инженер-синоптик;
18.01.2006-01.01.2009: Маңғыстау гидрометеорология орталығы (Ақтау қ.) жоғары санатты инженер-синоптик;
01.01.2009-10.01.2010 - Маңғыстау гидрометеорология орталығы (Ақтау қ.) ауа райын болжау бөлімінің бастығы;
10.01.2010 ж. - «Қазгидромет» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалы (Ақтау қ.), директордың орынбасары;
03.10.2016 жылдан бастап – «Қазгидромет» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры.
Қазгидромет құрылымындағы жалпы үздіксіз еңбек өтілі – 28 жыл.

Наградалары:
2009 – Қоршаған ортаны қорғау министрінің Құрмет грамотасы
2009 – «Маңғыстау гидрометеорология орталығы» ЕМК, Мадақтама
2012 - «Қазгидромет-90 жыл» медаль
2012 - Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметі жүйесіндегі нәтижелі, белсенді және жемісті жұмысымен оны дамытуға зор үлес қосқаны үшін«Алғыс хат»
2014 - "Гидрометеорология саласының үздігі" Төсбелгі
2018 - "Қазақстан Республикасының экология саласына 30 жыл" медаль
2020 – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі, "Экология саласының үздігі" Төсбелгі
2022 - Экология және табиғи ресурстар министрі, «Қазақстан гидрометеорологиялық қызметіне -100 жыл» Медаль
2022 - Экология қызметінің дамуына қосқан үздіксіз үлес үшін,
Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінен Алғыс хат
2022 - Маңғыстау облыстық төтенше жағдай департаментінің іс-шараларына белсене араласып, мемлекеттік бағдамаларды орындауда біліктілік пен жауапкершілік танытқан үшін, Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінен Алғыс хат
2023 - Экология және табиғи ресурстар министрлігің вице-министрінен, Гидрометеорологиялық қызмет жүйесіндегі көпжылдық адал еңбегі мен кәсіпорынның жұмыс сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін Құрмет грамота
2024 – Экология және табиғи ресурстар министрі, «Дүниежүзілік метеорология күні мерекесіне орай жоғары кәсіпқойлығы және гидрометеорология саласындағы көп жылдық адал еңбегі үшін» Құрмет грамота