Каспий теңізі бетінің жай-күйіне апта сайынғы шолу

2024 ж. 4  – 9 шілде аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*

 

Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,45 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 27,90 м-ден 29,26 м-ге дейін болады деп күтілуде.

Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,97 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,60 м-ден 29,44 м-ге дейін болады деп күтілуде.

*Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.

 

2024 ж. 27 маусым – 3 шілде аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі

Қазгидрометтің Пешной, Жанбай, Құлалы аралы теңіз станциялары мен посттарының, сондай-ақ Росгидрометтің (Тюлений аралы) жедел мәліметтері бойынша, Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз деңгейінің орташа мәні минус 28,27 м-ге, ең жоғарғы мәні минус 27,41 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,28 м-ге сәйкес келді.

Қазгидрометтің Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово теңіз станциялары мен посттарының және Рогидрометтің (Махачкала) жедел мәліметтері бойынша, Каспий теңізі суы терең бөлігінде деңгейінің орташа мәні минус 29 м-ге, ең жоғарғы мәні минус 28,35 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,49 м-ге сәйкес келді.

 

2024 ж. 4 шілде ғарыштан түсірілген Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің суреті («NASA» жобасының суреті)