«Қазгидромет» РМК «Қоршаған орта жай-күйіне бақылау» бюджеттік 100 ішкі бағдарлама аясында Каспий теңізінің Қазақстан секторында теңіз суы мен түптік шөгінділер сапасының жай-күйіне экологиялық мониторинг жүргізеді.
1. Теңіз суының жай-күйіне мониторинг жүргізу
Каспий теңізінің су сапасының жай-күйіне 50 жағалаулық нүктелерде мониторинг жүргізеді:
- Атырау облысында Солтүстік Каспий теңізінің 22 жағалаулық нүктеде: теңіз кеме жүретін су арнасы (2), Жайық өзені қайраңы (5), Волга өзені қайраңы (5), Шалығи шығанағы аралдары станциялары (5), Жанбай кенті (5).
- Маңғыстау облысында Орталық Каспий теңіз суы сапасына мониторинг 28 нүктеде: (Ақтау қ. (4), Форт-Шевченко, Фетисово, Қаламқас, Қара Боғаз, дамба аймағы, Құрық к., Адамтас маягі, Батыс Бузашы, Шақпақ-Ата, Канга, Қызылөзен, Саура, Некропол-Қалың-Арбат, Қызылқұм, Солтүстік Кендерл, Оңтүстік Кендерлі, кен орындары – Қаражанбас, Арман.
Теңіз су сапасы 37 көрсеткіш арқылы анықталады:1) көзбен шолу, 2) температура, 3) мөлдірлігі, 4) сутегі көрсеткіші, 5) еріген оттегі, 6) қалқыма заттар, 7) құрғақ қалдық, 8) минерализация, 9) сульфаттар, 10) хлоридтер, 11) гидрокарбонаттар, 12) кальций, 13) магний, 14) ОБТ5, 15) ОХТ, 16) кермектік,17) тұзды аммоний, 18) нитритті азот, 19) нитратты азот, 20) калий, 21) натрий,22) жалпы фосфор, 23) фосфаттар, 24) жалпы темір, 25) СББЗ, 26) фенолдар, 27) мұнай өнімдері, 28) қорғасын, 29) мыс, 30) мырыш, 31) жалпы хром, 32) хром (6+), 33) бор, 34) альфа-ГХЦГ пестицидтер, 35) гамма-ГХЦГ пестицидтер,36) 4,4-ДДЕ пестицидтер, 37) 4,4-ДДТ пестицидтер.
- Маңғыстау облысында Орталық Каспий теңіз суы сапасына мониторинг 28 нүктеде жүргізіледі: Ақтау қ. жағалаулық станциялардағы 4 нүктеде: демалыс аймағы (2 нүкте), порт аймағы (2 нүкте); Форт-Шевченко (1 нүкте), Фетисово (1 нүкте), Қаламқас (1 нүкте), Қара Боғаз (1 нүкте); дамба аймағы (3 нүкте), Құрық к. (3 нүкте), Адамтас маягі (3 нүкте), Батыс Бузашы (1 нүкте), Шақпақ-Ата (1 нүкте), Канга (1 нүкте), Қызылөзен (1 нүкте), Саура (1 нүкте), Некропол-Қалың-Арбат (1 нүкте), Қызылқұм (1 нүкте), Солтүстік Кендерлі (1 нүкте), Оңтүстік Кендерлі (1 нүкте); кен орындары – Қаражанбас (1 нүкте), Арман (1 нүкте).
Теңіз су сапасы 28 көрсеткіш арқылы анықталады: 1) көзбен шолу, 2) температура, 3) сутегі көрсеткіші, 4) қалқыма заттар, 5) құрғақ қалдық, 6) еріген оттегі, 7) сульфаттар, 8) хлоридтер, 9) ОБТ5, 10) ОХТ, 11) гидрокарбонаттар, 12) кальций, 13) магний, 14) тұзды аммоний, 15) нитритті азот, 16) нитратты азот, 17) жалпы фосфор, 18) фосфаттар, 19) жалпы темір, 20) СББЗ, 21) фенолдар, 22) мұнай өнімдері, 23) минерализация, 24) қорғасын, 25) мыс, 26) мырыш, 27) калий, 28) натрий.
- Түптік шөгінділер мониторингі жылына 2 рет (көктемде және күзде) жүргізіледі:
- Атырау облысында Солтүстік Каспийдің түптік шөгінділер сынамасы алу 22 нүктеде: теңіз кеме жүретін су арнасы – 2 нүкте, Жайық өзені қайраңында – 5 нүкте, Волга өзені қайраңында – 5 нүкте, Шалығи шығанағы аралдарында – 5 нүкте, Жанбай кентінде – 5 нүкте) жүргізіледі. Мұнай өнімдері, мыс, хром, кадмий, никель, марганец, қорғасын, мырыш мөлшері анықталады.
- Маңғыстау облысында Орталық Каспийдің сынамаларды алу 28 нүктеде: Ақтау қаласының 4 бақылау нүктесі; жағалаулық станциялар: Форт-Шевченко (1 нүкте), Фетисово (1 нүкте), Қаламқас (1 нүкте), Қара Боғаз (1 нүкте); дамба аймағы (3 нүкте), Құрық к. (3 нүкте), Адамтас маягі (3 нүкте), Батыс Бузашы (1 нүкте), Шақпақ-Ата (1 нүкте), Канга (1 нүкте), Қызылөзен (1 нүкте), Саура (1 нүкте), Некропол-Қалың-Арбат (1 нүкте), Қызылқұм (1 нүкте), Солтүстік Кендерлі (1 нүкте), Оңтүстік Кендерлі (1 нүкте); кен орындары – Қаражанбас (1 нүкте), Арман (1 нүкте) жүргізіледі.
7 көрсеткіш анықталады: 1) мұнай өнімдерінің құрамы, 2) мыс, 3) хром, 4) никель, 5) марганец, 6) қорғасын, 7) мырыш.