Қазақстан Республикасының таулы аумақтары бойынша жаңбыр генезисті сел қаупін мониторингілеу жөніндегі жыл сайынғы бюллетеньде сел қаупі жоғары кезеңдегі таулы аймақтардағы метеорологиялық жағдайлар мен климаттың аномальдылығы, сондай-ақ сел түзілу туралы мәліметтер келтірілген.
Сел қаупі бар аудандардағы климаттық жағдайларды сипаттау кезінде Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым ұсынған 1991-2020 жылдар кезеңіндегі климаттық нормалар пайдаланылды. Жер бетіне жақын ауа қабатының орташа айлық температуралары мен айлық жауын-шашын жиынтықтарының аномалиялары көпжылдық орташа мәндерге қатысты анықталды.
Селдердің қалыптасу жағдайлары туралы ақпарат климаттың өзгеруінің сел түзілу жағдайларына ықпалын бағалаудың, бейімделу шараларын әзірлеудің және сел қаупіне ұшыраған Қазақстан аумақтарының тұрақты дамуын қамтамасыз етудің ғылыми негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының таулы аумақтары бойынша жаңбыр генезисті сел қаупін мониторингілеу жөніндегі жыл сайынғы бюллетень мемлекеттік басқару органдарына және қызметі таулы аумақтармен байланысты мамандарға арналған.