Сел туралы ғылым

Қазақстан Республикасының аумағы 2 724 902 шаршы шақырым құрайтын ауданды алып жатыр. Негізінен селдер түзілетін және соның нәтижесінде зиян келтіретін таулар мен тау етектерінің үлесіне аумақтың шамамен 13 % жуығы келеді. Қазақстанның оңтүстігінде Маңғыстау, Өгем жотасы, Талас және Қырғыз Алатауы; оңтүстік-шығысында Іле, Күнгей, Теріскей, Жетісу Алатауы; шығыс жағында Сауыр, Тарбағатай және Қазақстандық Алтай таулары орналасқан. Селдер Қазақстанның басқада таулы аудандарында да қалыптасуы мүмкін, бірақ бұл аумақтарда сел белсенділігі туралы нақты белгілі мәліметтер жоқ. Алайда, адам факторы шөлдерде де селдердің пайда болуына әкелуі мүмкін.

 

"Қазселденқорғау" ММ деректері бойынша, соңғы 80-90 жылда тауларда генезис пен қуаттылығы әртүрлі 800-ге жуық сел тасқыны пайда болды, олардың ішінде кейбіреулері апатты сипатта орын алды. Сел қатынасында Іле Алатауының орталық бөлігі неғұрлым белсенді болып табылады.

Қазақстан тауларында селдер қарқынды ұзақ жаңбырдың түсуінен; мореналық-мұздық кешендердегі су айдындарының (жер үсті және жер асты) жарылуынан; жер сілкіністерінен; жылдам ағатын ағындарға айналатын сырғымалардан; көлдерден суды ығыстыра алатын немесе тау өзендерінде жарылу қаупі бар бөгет жасай алатын құламалардан; адам әрекетінен (тау беткейлеріндегі топырақ-өсімдік жамылғысының бұзылуынан, тау беткейлеріндегі бау-бақша телімдерін бақылаусыз суландырудан және т.б.); тау өзендерінде күз-қыс мезгілдерінде ауа температурасының күрт төмендеуі нәтижесінде пайда болатын мұз жамылғысының көшкін тәрізді бұзылуынан туындауы мүмкін.

Табиғи ерекшеліктері бойынша таулар мен тау бөктері аумағы тұрақты тұруға ең қолайлы болып табылады, сондықтан мұнда халықтың тығыздығы жоғары, ел тұрғындарының 1/3 аса бөлігі тұрады.