Халықаралық океанографиялық деректер және ақпарат алмасу бағдарламасы
Үкіметаралық океанографиялық комиссияның (ҮОК) Халықаралық океанографиялық деректер және ақпарат алмасу бағдарламасы 1961 жылы құрылған.
Оның мақсаты - қатысушы мүше мемлекеттер арасындағы океанографиялық деректер мен ақпарат алмасуды қолдау арқылы теңіз зерттеулерін кеңейту, пайдалану және дамыту, сондай-ақ пайдаланушылардың деректер мен ақпараттық өнімдерге қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Халықаралық океанографиялық деректер және ақпарат алмасу бағдарламасы әлемдік желіні үйлестіреді, оған 100-ден астам ұлттық океанографиялық деректер орталықтары (NODC), деректердің ассоциацияланған бөлімшелері (ADU) және ақпараттың ассоциацияланған бөлімшелері (AIU) кіреді. Бұл орталықтар мұхитты бақылау бойынша миллиондаған деректерді басқарып, оларға қолжетімділік береді, олар ҮОК-тың басқа бағдарламалары әзірлейтін және пайдаланатын мұхит деректері бойынша өнімдер мен қызметтерге үлес қосып, мұхит қоғамдастығы мен жалпы қоғам үшін кең ауқымды қолданбаларды қолдайды.
IODE қызметі туралы ақпарат https://iode.org/ сайтында ұсынылған.
«Қазгидромет» РМК Қазақстанның Ұлттық океанографиялық деректер орталығы (NODC) болып табылады, ол Каспий теңізіне қатысты океанографиялық деректерді жинау, сақтау және оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді.
Қазақстаннан океанографиялық деректер мен ақпараттар алмасудың халықаралық үйлестірушісі - Елтай Азат, eltai_a@meteo.kz, 8 (717) 798312.